Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына аттанар алдында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасынан бата алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Индонезияның Джакарта қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасы екі апталық оқу-жаттығу жиынын Түркістанда өткізді.
Жиын аяқталғаннан кейін Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын ұлттық құрама мүшелері Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасы Сырлыкүл апамен кездесті.
Кездесу барысында Сырлыкүл Саттарханова жас боксшыларға ақ батасын беріп, ел намысын абыроймен қорғап, Азия чемпионатынан жеңіспен оралуларына тілектестік білдірді.
