Берік Қасенов каратэден (WKF) Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Берік Қасенов — каратэден (WKF) Қазақстан Республикасының спорт шебері, ел чемпионаттарының және халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. Ол бапкерлік жолын 2012 жылы бастап, 2023 жылдан бері ұлттық құрама мен Алматы қаласы командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Тәжірибелі маманның шәкірттері арасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Әлихан Қадырғали, Азия чемпиондары Дайяна Даренская мен Бэлла Самашева, сондай-ақ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Лаура Әліқұл бар.
Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметті Дархан Асаділов атқарған болатын. Асаділов өз еркімен қызметінен кеткен.
