Прага қаласында өткен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогында +100 келі салмақта қазақстандық қос балуан финалда кездесті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ақтық белдесуде Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетіп, турнирдің алтын медалін иеленді. Ал Жантілек Нұртілекұлы күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, қазақстандық дзюдошылар аталған салмақта алтын мен күмісті өзара бөлісіп, ел қоржынына кезекті жүлделерді салды.
Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов Еуропа кубогының жеңімпазы атанған болатын.
