Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылы әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Дәл қазіргі сәтте Қазақстаннан бөлек, Франция да үміткер болып тұр. Әлем чемпионатының қожайыны 24 мамыр күні Рига қаласындағы жиылыста анықталады. Естеріңізде болса, былтыр Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Германиямен таласқан еді.
Дауыс беру нәтижесі:
Германия — 102
Қазақстан — 34
Қазақстан тарапы ұсынған спорт кешендері:
Алматы, Алматы Арена — 12 мың көрермен сияды.
Астана, Барыс Арена — 11 578 адам сияды.
Алдағы жылдары әлем чемпионаты өтетін елдер:
2024 — Прага және Острава (Чехия)
2025 — Стокгольм (Швеция) және Хернинг (Дания)
2026 — Цюрих және Фрибург (Швейцария)
2027 — Мангейм және Дюссельдорф (Германия).