27 қазан мен 8 қараша аралығында Қытайда ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Аталған әлем біріншілігі 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына (LA28) іріктеудің алғашқы ресми кезеңі болмақ. Сонымен қатар жарыс жаңартылған салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылады.
Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей:
Ерлер:
75 келіге дейін: Петр Хребтов;
85 келіге дейін: Едіге Емберді, Алексей Чуркин;
95 келіге дейін: Нұрғиса Әділетұлы;
110 келіге дейін: Артем Антропов.
Әйелдер:
77 келіге дейін: Аянат Жұмағали;
86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук.
Айта кетейік, Нинбодағы әлем чемпионаты қазақстандық ауыр атлеттер үшін алдағы Олимпиадаға бастар жолдағы маңызды сын болмақ.
