Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайда өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында алғашқы айналымнан аса алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
1/16 финалда Бублик пен Шелтон Беларусь пен Ресей өкілдері Иван Лютаревич пен Даниил Медведевке қарсы кортқа шықты.
Кездесу екі сетте аяқталып, қазақстандық-америкалық жұп 4:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Матч небәрі 51 минутқа созылды.
Бублик пен Шелтон брейк-пойнтқа қол жеткізе алмады. Ал қарсыластары бес мүмкіндіктің үшеуін сәтті пайдаланды.
Айта кетейік, матч аяқталған соң Александр Бублик эмоциясын тежей алмай, ракеткасын жерге бірнеше рет ұрып, сындырып тастады.
