Баку қаласында ересектер арасында дзюдодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін бір күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ал 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін белдесуде қарсыласына есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде аралас командалар арасындағы бәсеке өтті. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Франциямен жолығып, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша Қазақстан құрамасы Бакудегі әлем чемпионатын бір күміс медальмен қорытындылады.
