Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке қатысты жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған дейін Threads желісінде боксшының әйеліне қол көтергені туралы жазба жарияланып, зардап шегушінің миы шайқалғаны айтылған болатын.
Ал Теміртас Жүсіпов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, оқиғаға қатысты өз нұсқасын мәлімдеді.
Осы жағдайдан кейін желі қолданушылары спортшыны қатаң сынға алып, түрлі пікір білдіруде.
«Мұндай әрекетке барған адамды барлық атағынан айыру керек», «Егер бұл ақпарат расталса, оны ұлттық құрамаға жақындатпау қажет», «Әйелге қол көтерген спортшы жастарға үлгі бола алмайды» деген пікірлер әлеуметтік желіде жиі жазылып жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми тергеу нәтижелері жарияланған жоқ, ал спортшы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
