Таиландта өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық балуан Асамбек Бекасылдың белдесуінде қарсыласы жарақат алып, төрешілер жеңісті отандасымызға берді.
Алайда қазақ спортшысы жеңіске қуанудан бұрын адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Ол аяғын ауыртып алған қарсыласын көтеріп алып кетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Желі қолданушылары бұл әрекетті жоғары бағалап, «Қарсылас — жау емес» деген пікірлерін жазуда. Қазақ балуанының әсерлі қадамы жанкүйерлерді сүйсіндіріп, нағыз спорттық рух пен өзара құрметтің үлгісі ретінде бағалануда.
