Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде ресейлік Артем Тарасовты мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Кездесудің алғашқы раундында-ақ Еркебұлан қарсыласын сол қолымен дәл соққы жасап, нокдаунға түсірді. Артем Тарасов орнынан тұрғанымен, төреші оның жағдайын бағалап, нокаут тіркеді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жектің тағы бір ерекше тұсы — Еркебұлан Тоқтар жекпе-жектен алған гонорарын Жасқанат есімді оқырманының анасының еміне аударған.
