Испания Португалияны жеңіп, 16 жылдан кейін әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Матчтағы жалғыз голды негізгі уақытқа қосылған екінші таймның өтемақы минутында жартылай қорғаушы Микель Мерино соқты.
Осылайша Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Келесі кезеңде олар АҚШ пен Бельгия құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, осы жеңілістен кейін Португалия құрамасы мен оның көшбасшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
