Өзбекстандық FIFA төрешісі Ильгиз Танташев 2026 жылғы әлем чемпионатының қалған кездесулеріне тағайындалмайды. Бұл туралы француздың RMC Sport басылымы хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ақпаратқа сәйкес, төрешіге қатысты ресми тәртіптік жаза қолданылмаған. Алайда мұндай шешім Франция мен Парагвай құрамалары арасындағы 1/8 финал матчынан кейін қабылданған.
Аталған кездесудегі Танташевтің төрелігі үлкен талқыға түсті. Төреші бірнеше даулы шешім қабылдап, ойын барысын бақылауда қиындыққа тап болған. Сондай-ақ Парагвай қақпасына белгіленген пенальти тек VAR жүйесінің араласуынан кейін ғана тағайындалған.
Айта кетейік, Франция — Парагвай матчы 1:0 есебімен аяқталған еді.
