Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты оның мансабындағы соңғы мундиаль болғанын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, турнирдегі жарыс жолын аяқтады. Матчтан кейін 41 жастағы шабуылшы бұдан былай әлем чемпионаттарына қатыспайтынын айтты.
«Иә, бұл — менің соңғы әлем чемпионатым. Енді ойланып, отбасыммен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік болады. Өмір жалғасады. Мен бұл турнирден ар-ұятым таза күйде кетіп барамын. Кейде жеңесің, кейде жеңілесің», — деді Роналду.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем
чемпионаты Роналдуның мансабындағы алтыншы мундиалі болды. Ол әлем чемпионаттарында жалпы 27 матч өткізіп, 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ португалиялық жұлдыз футбол тарихында алты бірдей әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы атанып, тарихи рекорд орнатты.
