Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, деп жазады Sportbugin.kz.
Сот шешімі негізінде Қожағапановтың бас бостандығынан айыру түріндегі өтелмеген жаза мерзімі жеңілірек жазаға — айыппұлға ауыстырылған.
Ерлан Қожағапанов 2024 жылдың наурыз айының басында сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті ретінде ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, аталған іс бойынша келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асқан.
2025 жылдың мамыр айында Астана соты Ерлан Қожағапановты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Сол жылдың қыркүйегінде апелляциялық сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.
Енді соттың жаңа шешімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі айыппұлмен алмастырылды.
