Криштиану Роналдудың ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынының өтетін күні белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Журналист Мұхаммед Аваадтың мәліметінше, Роналду Португалия құрамасы жейдесіндегі соңғы матчын 24 қыркүйекте Уэльске қарсы өткізеді. Бұл кездесу Ұлттар лигасының А дивизионы аясындағы алғашқы турда өтеді.
Португалия — Уэльс матчы Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 233 матчқа қатысып, 146 гол соғып, 45 нәтижелі пас берген.
