Ернұр Фидахметов Венгрияда өтіп жатқан рейтингілік турнирдің финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Фидахметов Ербол Камалиевті 10:6 есебімен жеңді.
Енді ол алтын медаль үшін қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбековпен белдеседі.
Ал Ербол Камалиев турнирдің қола жүлдесі үшін күресетін болды.
