Исхар Құрбаев Венгрияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингілік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде Құрбаев үндістандық Лалит Лалиттен басым түсті.
Қазақстандық балуан қарсыласын 18:10 есебімен техникалық басымдықпен мерзімінен бұрын жеңді.
Исхар Құрбаев қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне жұбаныш белдесулері арқылы ие болды. Ол ширек финалда кейін финалға шыққан Өзбекстан өкілі Ихтиёр Ботировтан 5:6 есебімен жеңілген еді. Алайда жұбаныш кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, кіші финалға жолдама алып, жүлдені өз еншісіне жазды.
