Ернұр Фидахметов Венгрияда күрес түрлерінен өткен рейтингілік турнирде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық балуан Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбековпен белдесуі тиіс еді. Алайда алған жарақатына байланысты Ернұр шешуші белдесуге шыға алмай, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Ернұр жарысты 1/8 финалдан бастап, алғашқы белдесуінде ресейлік Анвар Аллахияровты 6:3 есебімен жеңді.
Ширек финалда өзбекстандық Мехрой Бахрамовтан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда отандасы Ербол Камалиевпен кездескен Фидахметов 10:6 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты.
