Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжанов бірнеше елден ұсыныс түскенін айтты, деп жазады Sportbugin.kz. Бұл туралы ол Adilet.tv YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Айтжановтың сөзінше, оған Қытай, Үндістан, Түркия және Әзербайжан елдерінен ұсыныстар болған.
«2025 жылдан бері түрлі мемлекеттерден Лос-Анджелес Олимпиадасына құраманы дайындауға шақырған хаттар келіп жатыр. Бірақ мен елімді, шәкірттерімді қимаймын. Алға қойған мақсаттарға жету үшін Қазақстанда еңбек етіп жүрмін. Ең басты мақсатым — Олимпиада чемпионын тәрбиелеу», — деді Мырзағали Айтжанов.
Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасынан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен еді.
