Оңтүстік Кореяда таеквондодан (WT) Korea Open G2 халықаралық турнирінде жастар арасындағы жарыс өз мәресіне жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы 21 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 6 күміс және 8 қола.
Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:
Алтын жүлдегерлер: Шахризода Акрамова (44 кг), Нұрайлым Бақытжанқызы (55 кг), Любовь Юн (68 кг), Азим Талғатов (45 кг), Алинұр Еркін (59 кг), Наурызбек Нұрғазиев (68 кг) және Аманай Құралбаев (+78 кг).
Күміс жүлдегерлер: Аяру Есенғали (42 кг), Сабина Туртулова (+68 кг), Бағдат Амангелдиев (48 кг), Павел Эм (63 кг), Тимур Рахпанов (73 кг) және Жантөре Сағынғали (78 кг).
Қола жүлдегерлер: Элеанора Шералы (55 кг), Жанна Палмахова (55 кг), Милана Мұханова (59 кг), Аяжан Таңжарық (63 кг), Нурила Жарас (68 кг), Аяна Жетес (68 кг), Марсело Лопес Тілеубай Әбділ (63 кг) және Бекбау Махамбетәлі (78 кг).
