Скалони әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін баспасөз мәслихатында эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберді, деп жазады Sportbugin.kz.
2022 жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанған маман бұл жолы командасымен бірге титулды қорғай алмады. Финалда аргентиналықтар Испанияға қосымша уақытта 0:1 есебімен есе жіберді.
Скалони жеңілістің өзіне ауыр тигенін жасырмады. Журналистердің сұрағына жауап берген сәтте оның даусы дірілдеп, көз жасына ерік берді.
«Мен жараландым. Жаным жараланды. Кешіріңіздер», – деді Скалони.
Финалдағы жалғыз голды Испания сапынан Ферран Торрес 106-минутта соқты. Аргентина негізгі уақыттың соңына қарай Энцо Фернандес алаңнан қуылғаннан кейін кездесуді он ойыншымен аяқтады.
