Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурелья Married to the Game деректі фильмінде ұлы Матеоға аутизм диагнозы қойылғанын айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Футболшы шашын ұлы алаңда оны тануы үшін өсіріп жүргенін жеткізді.
«Менің аутизм диагнозы қойылған ұлым бар. Ақшам мүлде болмаса да, ұлымның дені сау болғанын қалар едім. Шашымды оның көңілінен шығатындықтан өсіріп жүрмін. Сонымен қатар, егер бір күні мені ұмытып қалса, осы шашым арқылы тануы үшін өсіремін», — деді футболшы.
Матеоға үш жасында диагноз қойылған. Футболшының жұбайы Клаудия Родригес отбасына қолдау табу қиын болғанын еске алды.
