Лондондық «Челси» клубы маусымалды дайындық аясындағы турға қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрамға Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев та енді.
Алдағы тур аясында «Челси» Австралия мен Азияда бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.
Лондондық клуб «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» командаларымен кездеседі.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев тамыз айында кәмелет жасына толғаннан кейін «Челсидің» ресми ойыншысы атанады. Қазақстандық шабуылшының командадағы болашағына қатысты соңғы шешімді клубтың бас бапкері Хаби Алонсо маусымалды дайындық қорытындысы бойынша қабылдайды.
