Демеу Жадыраевтың жеке бапкері шәкіртінің Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін спорттық мансабын жалғастыратынын айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Егер құрамада бәсекеге қабілетті жастар болса, біз ешкімнің жолын байламаймыз. Алайда қазір Демеудің орнын басатын балуандар жоқ. Сондықтан келесі Олимпиадаға дейін күресеміз», — деді Боранбек Қоңыратов.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Демеу Жадыраевтың Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатынын мәлімдеген еді.
