Бұрынғы UFC жауынгері Дамир Исмағұлов Қазақстан азаматтығын алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол PALM Athletes подкастында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Дамир Исмағұлов — Орынбор облысында дүниеге келген этникалық қазақ. Ол соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанға қоныс аударып, ел азаматтығын алуды қалайтынын ашық айтып келген.
Айта кетейік, Исмағұлов UFC-де өнер көрсеткен алғашқы этникалық қазақтардың бірі. UFC-де жеңіске қол жеткізген алғашқы этникалық қазақ атанды. UFC октагонына Қазақстан туымен шыққан алғашқы қазақ жауынгерлердің бірі.
