«Қайрат» еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда, үйдегі кездесуін Алматыда емес, Түркістанда өткізеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған 14 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өтетіні себеп болды. Осыған байланысты стадион еурокубоктағы ықтимал матчты өткізуге қолжетімсіз болады.
«Қайрат» УЕФА-ға матч өтетін орынды өзгерту туралы өтініш білдіріп, ұйым ойынның «Түркістан Арена» стадионында өтуіне келісім берген.
Матчтың нақты күні мен уақыты команда үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алған жағдайда белгілі болады.
