Қарағандыда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жұбайы Саидаға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Саида Елеусіноваға екі көршісін — анасы мен қызын ұрып-соқты деген айып тағылған.
Сот шешімімен Саидаға 100 АЕК, яғни 432 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге және адвокат қызметі үшін тағы 1 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Саида сот үкіміне шағым түсіретінін айтты.
Айта кетейік, Данияр Елеусиновтің өзі көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.
