Боксшы Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы кезекті қарсыласы анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз 28 тамыз күні Астанада өтетін IBA Nomad кәсіпқой бокс кешінде Намибия өкілі Эммануэль Йозефпен (18-4-1, 8 KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді. Бокс кешін Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Nomad Fighting промоутерлік ұйымы ұйымдастырады.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Екінші жекпе-жегін Қырғызстанда өткізген қазақ боксшысы жергілікті дебютант Әділет Қачқынбековтен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен басым түскен. Ал 2026 жылдың сәуір айында Бішкекте өту керек болған титулдық жекпе-жегі екі рет кейінге шегерілген болатын.
