Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін бірден чемпиондық атақ үшін өткізеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
28 тамыз күні Астанада өтетін бокс кешінде екі дүркін әлем чемпионы филиппиндік Нил Джакамоспен қолғап түйістіреді.
Бұл кездесу IBF Asia ұйымының аса жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеуі үшін өтеді. Жекпе-жек жеңімпазы аталған титулдың иегері атанады.
Айта кетейік, Нил Джакамос кәсіпқой рингте сегіз кездесу өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен және бір мәрте жеңілген. Сондай-ақ ол өз салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингтің үздік 50 боксшысының қатарына кіреді.
