Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жаңа рейтингте «Ордабасы» шабуылшысы Жасұлан Әмірдің бағасы бірден 2 миллион еуроға өсіп, 2,5 миллион еуроға жетті. Осылайша, ол ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшылардың қатарына қосылды.
Жаңартылған бағалауға сәйкес, Жасұлан Әмірдің нарықтық құны 2,5 миллион еуроны құрады. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Астана» футболшысы Иван Башичпен тең түсіп, көш басында тұр.
ҚПЛ-дегі трансферлік құны ең жоғары ойыншылардың тізімі төмендегідей:
1. Жасұлан Әмір («Ордабасы») – 2,5 млн еуро;
2. Иван Башич («Астана») – 2,5 млн еуро;
3. Темірлан Анарбеков («Қайрат») – 1,2 млн еуро;
4. Ги-Марселин Килама («Ордабасы») – 1,2 млн еуро.
Айта кетейік, Жасұлан Әмір биылғы маусымда «Ордабасының» негізгі құрамынан орын алып, командамен бірге Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ маусым қорытындысы бойынша үздік жас футболшы атанып, «Жыл жаңалығы» номинациясын иеленді.
