Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Санкт-Петербургте жаңа теннис кортын салғанын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Теннисші бұл туралы өзінің Telegram-арнасында хабарлап, жанкүйерлерін корттың ресми ашылу салтанатына шақырды.
«Барлығы Петербургте осындай шара өткізуді сұрады. Сондықтан біз жаңа корт салып, оның ашылуын сіздермен бірге өткізуді жөн көрдік. Баршаңызды күтемін», — деп жазды Бублик әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Александр Бублик 2016 жылдың қараша айынан бері Қазақстан намысын қорғап келеді.
