Мейірім Нұрсұлтановтың үш жыл күткен жекпе-жегінің күні мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері қазіргі уақытша чемпион, америкалық Хесус Рамоспен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов бірнеше жылдан бері WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады. Алайда чемпиондық кездесу түрлі себептермен кейінге шегеріліп келген еді.
Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылы шаршы алаңға шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.
