Өзбекстандық спортшы Махмұд Ирмұхамедов АҚШ-та өткен сумодан халықаралық турнирде өзінен үш есе ауыр қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Спортшының айтуынша, бұл белдесу финалдық кездесу болмаған. Сондай-ақ ол жарысты 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдемен аяқтағанын айтты.
«Бұл белдесу 2026 жылдың 9 мамырында өтті және финалдық кездесу болған жоқ. Кейбір ақпарат құралдары қате мәлімет таратты. Мен 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болдым. Өз салмағым — 77 келі. Абсолютті салмақта жүлде бұйырмағанымен, салмағы 255 келі болатын қарсыласымды жеңдім.
Белдесу шамамен үш минутқа созылды. Жеңіске ептіліктің арқасында жеттім. Негізгі өзім ММА-мен айналысамын, ал сумоға тәжірибе жинау үшін қатысамын», — деді Махмұд Ирмұхамедов.
