Ахмед Тажудинов пен Кайл Снайдер RAF лигасы аясында белдеседі, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл Тажудинов пен Снайдердің төртінші кездесуі болмақ. Бұған дейін бахрейндік балуан америкалық қарсыласын екі мәрте жеңген.
Ахмед Тажудинов 2023 жылғы әлем чемпионатында және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Кайл Снайдерден басым түсті.
Ал биыл наурыз айында Майамиде өткен RAF турнирінде Кайл Снайдер қарымта қайтарып, соңғы ұпай бойынша жеңіске жетті.
Енді қос мықты балуан 5 қыркүйек күні Мәскеуде қайтадан күш сынасады.
