Нидерланд маманы Джон ван ’т Шкип футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бапкерлік жолын «Аякс» академиясында бастаған Джон ван ’т Шкип кейін клубтың негізгі командасын басқарды. Әр жылдары Нидерландтың «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» клубтарында еңбек етті.
2016 жылы «Мельбурн Сити» командасымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Грекия және Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған.
Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлер штабы да жасақталды. Бас бапкердің көмекшілері — Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов. Қақпашылар бапкері — Юрий Новиков. Дене даярлығы бойынша бапкер қызметін Вадим Боровский атқарса, сарапшы бапкер — Тимур Құсайынов.
Айта кетейік, Джон ван ’т Шкип ойыншы ретінде «Аякс» пен «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, 1988 жылы Нидерланд құрамасымен Еуропа чемпионы атанған.
