Қазақстаннан кетіп қалған Нұрислам Санаев Тыва командасын жаттықтыруда, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Зерендіде жаңа спорт маусымы қарсаңында оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиынға Тыва Республикасы, Көкшетау қаласы, Зеренді және Ақмола облысының өзге де өңірлерінен келген командалар қатысуда.
Тыва құрамасын оқу-жаттығу жиынына Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрислам Санаев бастап келді.
Айта кетейік, Санаев 2014 жылы Қазақстанға көшіп келіп, Ақтөбе облысының намысын қорғады. Кейін Қазақстан азаматтығын алып, есімін Нұрислам Санаев деп өзгертті. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін туған жері Тыва Республикасына оралды.
