Таеквондо федерациясының вице-презинденті Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімі қашан белгілі болатыны туралы айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Сұлтан Қасымовтың айтуынша, Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы соңғы іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін белгілі болады.
«Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың соңғы тізімі Пәкістанда өтетін ВТ президентінің кубогынан кейін анықталады. Дәл осы жарыстың қорытындысы бойынша спортшылардың дайындық деңгейі жан-жақты бағаланып, соңғы шешім қабылданады», — деді Сұлтан Қасымов.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді.
