Қазақстандық гимнасттар Германияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында жеке және топтық жаттығулар бойынша сегіз спортшы ел намысын қорғайды.
Жекелей бағдарламада Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес және Кристина Чепульская ел намысын қорғайды.
