Қазақстандық жауынгер Алтынбек Магаз Қытайда өткен аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Октагонда жергілікті жауынгер Сяофэй Цюмен кездесті. Жекпе-жек кикбоксинг ережесі бойынша өтіп, бірінші раундта аяқталды. Қытайлық спортшы Алтынбек Магазды нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Жекпе-жек аяқталғанға дейін Магаз үш рет нокдаунға түскен. Naiza FC лигасының баспасөз қызметі бұл жекпе-жектің нәтижесін «жыл нокаутына үміткер» деп бағалады.
Осылайша, Сяофэй Цю кәсіби MMA мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, Алтынбек Магаз төртінші жеңілісіне ұшырады.
