Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Азия ойындарына қатысатын боксшылары әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Ұлттық құрама қыркүйек айының басында бірінші және екінші нөмірлі боксшылармен Жапонияға аттанады. Сол жақта 10 күн оқу-жаттығу жиынын өткізіп, кейін Азия ойындарына қатысатын боксшылардың нақты тізімі анықталады.
Десе де, жанкүйерлер арасында бірнеше салмақта түрлі болжам айтылып жүр.
70 келі салмақта басты үміткерлердің қатарында Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов бар. Екі боксшы да 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
Ал сіздің ойыңызша, 70 келіде Азия ойындарына кім баруға лайық?
Төрехан Сабырхан ба, әлде Абылайхан Жүсіпов пе?
