XX жазғы Азия ойындарындағы бокс бәсекелерінің өтетін күндері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Алғашқы жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталып, жартылай финалдық кездесулер 29 және 30 қыркүйекке жоспарланған. Ал 2 қазанда алтын медаль үшін финалдық жекпе-жектер өтеді.
Ерлер арасында 55, 60, 70, 80, 90 және 90 келіден жоғары, ал әйелдер арасында 51, 54, 60, 65 және 75 келі салмақ дәрежелері бойынша жекпе-жектер өтеді.
Айта кетейік, Азия ойындары қарсаңында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын өткізді.
