Германияда көркем гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Іріктеу қорытындысы бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынаған Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева бірден үш финалға жолдама алды.
Көпсайыста гимнастардың ең үздік үш нәтижесі есепке алынды. Ерекешева 84,200 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті.
Сонымен қатар қазақстандық гимнаст жекелей жаттығу бойынша да жүлдеге таласады. Ақмарал ұршықпен орындалатын жаттығуда 29,000 ұпай жинап, төртінші орын алды. Таспамен орындалатын жаттығуда да 28,350 ұпай алып, төртінші орынға ие болды.
Айта кетейік, әр жаттығу бойынша финалға үздік сегіз гимнаст жолдама алды.
