Германияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында жекелей көпсайыстың финалы аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ақмарал Ерекешева финалда төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 115,800 ұпай жинап, үздік алтылыққа енді.
Ерекешева ұршықпен орындалатын жаттығуда 30.05, шығыршықпен жаттығуда 29.55, доппен орындалатын жаттығуда 28.35, ал таспамен жаттығуда 27,85 ұпай жинады.
Алтын медальді Германия өкілі Дарья Варфоломеев 119,500 ұпаймен жеңіп алса, күміс жүлде Болгариядан келген Стиляна Николоваға (117,600) бұйырды. Италиялық София Раффаэли 117,550 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл — ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Енді отандасымыз 16 тамыз күні таспа мен ұршық жаттығуларының финалында өнер көрсетеді.
