Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Данияр Қайсанов қай салмақта ішкі бәсекелестік жоғары екенін айтты, деп жазады Olimpic.kz сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Бас бапкердің айтуынша, жеңіл салмақтарда бәсекелестік деңгейі жоғары.
«Жеңіл салмақтарда ішкі бәсекелестік өте жақсы деп айтар едім. Әсіресе 61 және 65 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде мықты балуандар көп. Ал өкінішке қарай, ауыр салмақтарда бәсекелестік деңгейі төмендеу», — деді Данияр Қайсанов.
Айта кетейік, 61 келіге дейінгі салмақта Асылжан Есенгелді, Асыл Айтақын, Мерей Базарбаев және Аллан Оралбек секілді бірқатар мықты балуандар өнер көрсетеді. Ал 65 келіге дейінгі салмақта Начын Куулар, Майс Алиев және Шаттық Алайдар сынды балуандар бар.
