«Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала «РБ Лейпцигке» қарсы жолдастық кездесуде есінен танып қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ойынның 83-минутында Мусиаланың жағдайының нашарлағанын командаласы Исмаил Сайбари байқап, оны жерге құламай тұрып ұстап үлгерді.
Медициналық қызметкерлер бірнеше минут бойы футболшыға көмек көрсетті. Кейін Мусиала алаңнан өздігінен шықты. Оның орнына Бара Ндиайе алаңға қосылды.
Германиялық БАҚ-тың хабарлауынша, алғашқы медициналық тексеріс кезінде футболшының денсаулығына қатысты күрделі мәселе анықталмаған. Алдағы күндері Мусиала демалып, қалпына келеді.
Айта кетейік, матч Мюнхен клубының 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
