Самбошы Маулен Ержанұлы Манилада өткен жарыста небәрі 8,59 секунд жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
20 жастағы спортшы қарсыласын бір ғана әдіспен ұтып, төрешіден нокдаун үшін 4 ұпай және қарсыласын қырына түсіргені үшін тағы 4 ұпай алды. Жауынгерлік самбода шабуылдаушы спортшы тік тұрып, қарсыласын кілемге құлатса, 4 ұпай беріледі.
Осылайша Маулен 8 ұпай жинап, мерзімінен бұрын таза жеңіске жетті. Бұл жекпе-жек ФИАС базасындағы соңғы бес жылдағы ең жылдам кездесулердің бірі саналады.
