Эквадорда дзюдодан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына екінші алтын түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Фатима Сұпығалиева әлем чемпионы атанды.
Финалдық бәсекеде қазақстандық дзюдошы украиналық Ксения Кирильчукпен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, «голден скор» кезеңінде Фатима қарсыласын иппонға түсіріп, жеңіске жетті.
Осылайша, Фатима Сұпығалиева Қазақстан тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш дзюдошы атанды.
