Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар мен Шерзод Давлатов, 66 келіге дейін Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов, 73 келіге дейін Аңсарбек Ғайнуллин мен Бақытжан Абдурахманов, 81 келіге дейін Әділет Алмат пен Абылайхан Жұбаназар татамиге шығады. 90 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Айдар Арапов, 100 келіге дейін Марат Байқамуров, ал 100 келіден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаев қорғайды.
Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова, 70 келіге дейін Ажар Асхат, 78 келіге дейін Аружан Жангелдина, ал 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова ел намысын қорғайды.
