Серік Сәпиевті екі рет жеңген тайландтық боксшы Манус Бунчамнонг алаяқтық ісі бойынша сотталып кетті, деп жазады Sportbugin.kz.
2025 жылдың желтоқсанында тай боксшысы алаяқтық жасады деген айыппен қамауға алынған.
Оған лотерея билеттеріне бөлінген квоталарды сатып алушыларды алдап, шамамен 2 миллион тай батырына (82 мың АҚШ доллары) жуық қаржыға зиян келтірді деген айып тағылған.
Сот шешімімен Манус Бунчамнонг 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылып, қазіргі уақытта Бангкоктағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Айта кетейік, Манус Бунчамнонг отандасымыз Серік Сәпиевті екі рет жеңген. Оның біріншісі 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жартылай финалында тіркелсе, екіншісі 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ширек финалында болған.
Бунчамнонг Бейжің Олимпиадасында финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.
