Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық жарысында жеңімпаз атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы ширек финалда Жапония құрамасымен кездесті. Отандастарымыз қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Өзбекстан спортшыларын 4:2 есебімен ұтып, финалға шықты.
Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасынан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық сынында алғаш рет әлем чемпионы атанды.
